23 ақпан 2020 13:00

Түркияда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрік-иран шекарасына жақын маңда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде жерасты дүмпулері тіркелген. 


Түрік-иран шекарасына жақын маңда магнитудасы 5,7-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 шақырым жерде жерасты дүмпулері тіркелген. 

Эпицентрі Иранның Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде және Озалп түрік қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде орналасқан. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, табиғи апаттың ошағы 10 шақырым тереңдікте жатыр. 

"Ирандағы жер сілкінісі салдарынан Ван провинциясында жеті адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Бес адам жараланды. Үйінділердің астында әлі адамдар бар", - деді Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу.

Айта кетейік, 2020 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8-ге тең жер сілкінісі болған. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Жер сілкінісінен кейін мыңнан аса афтершок тіркелген. 

Сол кезде жер сілкінісі салдарынан 41 адам қаза тапты, 1500-нан аса адам ауруханаға түсті.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети