1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен қаза тапқандар 90-ға жетті16 шілде 2016, 13:19

Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен қаза тапқандар 90-ға жетті, ал 1154 адам жарақат алған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ал осыған дейін 60 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. 

Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.