17 наурыз 2016 | 16:58

Түркияда неміс азаматтарына қарсы теракт дайындалып жатыр - Германия СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dw.com © dw.com

Немістің арнайы қызметтері Түркиядағы ГФР өкілдеріне қарсы теракт дайындалып жатқаны жайлы хабар алған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Немістің арнайы қызметтері Түркиядағы ГФР өкілдеріне қарсы теракт дайындалып жатқаны жайлы хабар алған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Германия СІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайердің хабарына қарағанда, осыған байланысты 17 наурызда ГФР-дың Анкарадағы елшілігі, ГФР бас консулдығы және екі қалада неміс мектептері жабылған. Оның мәлімдемесін N24 телеарнасы тікелей эфирде таратты. "Бұл қажетті шара болды, себебі неміс азаматтарын, неміс өкілдіктерінде оқып, жұмыс істеп жатқан азаматтары басты назарда. Мұнымен қатар, бұл мәжбүрлі шара, себебі біз бұл уақытты нысандардың қауіпсіздік деңгейін көтеруге жұмсап жатырмыз", - деп мәлімдеді министр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Анкарадағы ГФР елшілігінде күшейтілген күзет қойылды. Алайда дипмиссияға кірер есік ашық. Елшіліктің дереккөзінің мәліметінше, күрдтердің 21-і күні кең тойлайтын Наурыз мейрамының қарсаңында теракт қатері сақталып отыр. "Бүгін неміс елшілігі теракт қатеріне байланысты жұмыс істеп жатқан жоқ. Анкарадағы өзге дипмиссиялар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді елшілікті күзетіп жатқан полицейлердің бірі. 

Еске салайық, 13 наурызда Анкараның орталығында болған жарылыстың салдарынан 37 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алған еді. Полицияның мәліметінше, жарылысты екі адам ұйымдастырған. Ал 12 қаңтарда Ыстамбұлд теракт болды. Билік өкілдерінің айтуынша, кем дегенде он адам қаза болып, 15-і жарақат алған. Олардың басым бөлігі Германия азаматтары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети