16 тамыз 2021 13:00

Түркияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түркияның Қара теңіз аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі APA басылымына сілтеме жасап.


Түркияның Қара теңіз аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі APA басылымына сілтеме жасап.

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) мәліметінше, су тасқынынан Кастамону провинциясында 60 адам, Синоп провинциясында 9 адам және Бартын провинциясында бір адам қаза болған.

Бартын провинциясы губернаторлығы мәліметі бойынша, су тасқыны 13 көпірді қиратып, кем дегенде 45 ғимаратқа зақым келтірген.

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлудың айтуынша, Кастамонуда 62 адам, Синопта 14 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ол қоршаған орта және урбанизация министрі Мұрат Құрым мен энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмезбен бірге Кастамону қаласының Бозкурт ауданында болды.

"Біз кеше және бүгін 20 тонна азық-түлікті тікұшақпен жеткіздік", - деді Сойлу.

Айта кетейік, нөсер салдарынан туындаған су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабук және Кастамону провинцияларын басып кеткені хабарланған болатын. AFAD мәліметінше, аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети