16 шілде 2016 | 12:00

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бес генерал мен 29 полковник қызметтен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бес генерал мен 29 полковник қызметтен кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін бес генерал мен 29 полковник қызметтен кетті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, Түркия Бас штабын қазіргі уақытта үкіметті қолдаушы әскерлер басқарып отыр, алайда төңкеріс жасаушы жақтың кейбір жақтастары әлі де қарсылық көрсетіп жатыр.

Бүлікшілер иелігінде бірнеше тікұшақ бар, алайда үкіметтік күштер оларды кез келген уақытта құлатуға дайын, дейді агенттіктің дереккөзі. Бір шенеунік көтерілісшілерде бірде-бір жойғыштың жоқтығын хабарлады.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды. Анкара прокуратурасының мәліметі бойынша, әскери төңкеріс жасау кезінде 60-қа жуық адам қаза тапқан.

Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети