Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңі аясында шет мемлекеттерде дауыс беру басталды 21 мамыр 2023, 10:11

Түркиядан тыс жерде тұратын ел азаматтары сенбіден бастап президенттік сайлаудың екінші турына дауыс бере бастады. 73 елде 167 сайлау учаскесі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түркиядан тыс жерде тұратын ел азаматтары сенбіден бастап президенттік сайлаудың екінші турына дауыс бере бастады. 73 елде 167 сайлау учаскесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру мерзімі 24 мамырға дейін жалғасады.

Сайлау республиканың шекарамаңы пунктерінде жер үстіндегі бақылау-өткізу бекеттерінде, әуежайлар мен теңіз айлақтарында 28 мамыр, сағат 17.00-де аяқталады.

Бюллетеньдерді Анкараға жоғары қауіпсіздік режимін сақтай отырып, дипломатиялық курьерлер жеткізеді.

Дауыстарды санау 28 мамыр, сағат 17.00-ден кейін – Түркияның өз ішінде дауыс беру аяқталған уақытта басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті