Ұлттық барлау ұйымы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасалатындығын білген және бірнеше сағат бұрын әскерді хабарландырған. Бұл туралы Nokta журналы хабарлады.
Ұлттық барлау ұйымы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасалатындығын білген және бірнеше сағат бұрын әскерді хабарландырған. Бұл туралы Nokta журналы хабарлады.
Түркияның арнайы қызметтері көтеріс болатындығын бір күн бұрын білген - 15 шілдеде сағат 16.00-де. 16.30-да ҰБҚ басшысы Хакан Фидан бұл ақпаратты Түркия әуе күштерінің орынбасары Яшар Гүлерге жеткізген. Осыдан кейін 18.30-да Түркия Бас штабының басшысы Хулуси Акар әуе кеңістігін жауып, барлық ұшуларға және де әскермен бронды техниканың жүруіне тиым салған, - деп жазады ТАСС түрік басылымына сілтеме жасап.
Бастапқыда мемлекеттік төңкеріс сенбіде16 шілдеде сағат 03.00-де басталуы керек болған. Алайда, көтерілісшілердің ойы барлау қызметіне мәлім болғандықтан, олар ерте бастап кеткен.
Еске сала кетейік, 16 шілде түнгі уақытта елде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті жасалды. 16 шілде таңертең көтерілістің басылғандығы жарияланды. Түрия СІМ-нің соңғы мәліметі бойынша көтеріліс кезінде 290 адам қаза тауып, 1,4 мың адам зардап шеккен.