Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды

10 Тамыз 2015, 09:59
0
©  hurriyet.com.tr
© hurriyet.com.tr
©  hurriyet.com.tr
© hurriyet.com.tr

Түркияның Стамбұл қаласындағы полиция бөлімшесінде жарылыс болып, 7 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға қаланың шығысындағы Сұлтанбейли ауданында болды. Жарылыс салдарынан полицияның бес офицері мен екі бейбіт тұрғын жарақат алды. Полиция бөлімшесінің ғимаратында өрт болды. Жарылыстан маңындағы ғимарат пен 20 көлікке зиян келді. Өртеніп жатқан ғимаратқа бірнеше өрт сөндіру машинасы мен жедел жәрдем барды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Әзірше лаңкестік ұйымдар бұған жауапкершілік алған жоқ.

Еске салайық, 1 тамызда Догубаяз қаласының полиция бөлімінде жарылыс болған еді. Екі әскери қызметкер қаза тауып, 24 адм жарақат алды. Полицияның мәліметінше, Күрдістан Жұмыс париясының содырлары ұйымдастырған. Олар әскери полиция бөлімінің маңында 2 тонна тиелген тракторды жарып жіберген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай