03 желтоқсан 2020 15:11

Түрікменстан президенті есірткі салынған бірнеше қапты өртеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан президенті, елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан 100 шақырым жерде орналасқан есірткі жағатын жаңа кешенді ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TDH мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ел президентіне "кешенде үш заманауи ашық және жабық пеш, сондай-ақ адам денсаулығы мен экологияға қауіпсіз және тиімді, озық технологиялар орнатылғаны" туралы хабарланған.

Есірткі салынған қаптарды Бердімұхамедовтің өзі пешке салып өртеді.

"Мемлекет басшысы контрабанда тауарының бірнеше қабын пешке салып өртеді. Пеш халықаралық нормаларға сәйкес және есірткі заттарын өртеп, түгел жояды. Жиналған азаматтар ұлт басшысынан үлгі алып, есірткі және психотроп заттарды өртеді. 122,5 келіге жуық есірткі жойылды", - делінген агенттік хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети