15 наурыз 2022 13:21

Түрікменстандағы президент сайлауында Бердімұхамедовтің ұлы жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сердар Бердімұхамедов. Фото ©REUTERS Сердар Бердімұхамедов. Фото ©REUTERS

Түрікменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар президенттік сайлауда 72,97 пайыз дауыспен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түрікменстанның бұрынғы басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы Сердар президенттік сайлауда 72,97 пайыз дауыспен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрікменстанның сайлау кодексінің 76-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде 72,97 пайыз дауыс жинаған Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып сайланды", - делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Сердар Бердімұхамедов 1981 жылы дүниеге келген. Ниязов атындағы Түрікмен ауыл шаруашылығы университетін "инженер-технолог" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2011 жылдары Ресей СІМ Дипломатиялық академиясында оқып, халықаралық қатынастар бойынша маман болды.

2018 жылдың наурызында Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан СІМ басшысының орынбасары болып тағайындалды. Содан кейін ол Түрікменстан мәжілісіне (парламентіне) қайта сайланды. 2019 жылдың қаңтарында Сердар Бердімұхамедов СІМ басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Ахал уәлаяты (облысы) хякимнің (әкімшілік басшысы) орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың маусымында ол хякимнің орынбасары қызметінен босатылып, осы велаяттың хякимі болып тағайындалды. 2020 жылдың ақпанынан бастап Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс өндірісінің министрі қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпанынан бастап вице-премьер лауазымында жұмыс істейді.

Еске салайық, ақпанда Халк маслахаты (Халық кеңесінің) парламентінің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыларға мемлекетті басқаруға жол беру қажет екенін мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети