06 тамыз 2020 13:37

Twitter Трамптың сайлауалды шарасының видеосын өшіріп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter әлеуметтік желісі АҚШ Президенті Дональда Трамптың сайлауалды кампаниясының аккаунтын уақытша бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Variety сайтына сілтеме жасап.


Twitter әлеуметтік желісі АҚШ Президенті Дональда Трамптың сайлауалды кампаниясының аккаунтын уақытша бұғаттап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Variety сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желінің басшылығы АҚШ президентінің сайлауалды кампаниясының аккаунтында COVID-19 туралы сенімсіз ақпарат тарағанын айтқан. 

Дереккөз мәліметінше, бұл жалған мәлімет туралы ережені бұзады.

Twitter аккаунт иесі видеоролик өшірген жағдайда парақша бұғаттан алынатынын атап өтті.

Variety сайтының мәліметінше, желіден өшірілген видеода Трамп мектептерді ашу керегін айтқан.

"Коронавирус кетіп жатыр. Мен мектептерді ашу керек деп ойлаймын. Егер сізде балаларға қарасаңыз, олардың бұл аурумен ауырмайтынын көресіз. Себебі, бізге қарағанда олардың иммундық жүйесі өте мықты. Оларда мұндай мәселе жоқ", - дейді АҚШ Президенті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети