20 қараша 2020 10:07

Уханда сиыр етінен коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, - деп хабарлайды СИНХУА.


Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, - деп хабарлайды СИНХУА.

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын. 

Еске салайық, мұның алдында 20 елдің азық-түлік пакеттерінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети