Үйінділер астында қалған 10 жастағы италиялық қыздың құтқарылғаны жайлы видео әлемді шарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйінділер астында қалған 10 жастағы италиялық қыздың құтқарылғаны жайлы видео әлемді шарлады Коллаж © Тengrinews.kz

Италияның Аматриче қаласында үйінділер арасынан 10 жастағы қызды құтқару сәті әлемдік БАҚ-та тарап жатыр. Euronews мәліметінше, Джулия есімді 10 жастағы қыз (Аматриче қаласының тұрғыны) құтқарушылардың көмегімен бейсенбі күні 25 тамызда құтқарылған. Джулия қирандылар астында 17 сағат бойы болған. Оның отбасы туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, жер сілкінісі болған тағы бір Пескара-дель-Тронто қаласында 8 жастағы Джорджия есімді қыз табылған. Ол қирандылар астында 17 сағат бойы болған. 

Ұлттық өртке қарсы қызметінің басшысы Бруно Фаттазидің айтуынша, бейсенбі күні құтқарушылардың көмегімен 215 адам қирандылар астынан шығарылған. 

Еске салайық, Италияның орталық өңірлерінде 24 тамызда, түнгі уақытта жойқын жер сілкіністері болған. Жер асты дүмпулерінің ошағы Лацио облысындағы Аккумоли қаласының маңында жер бетінен алғанда төрт шақырым төменде болған. Жер асты дүмпулері Италияның басқа да қалаларына сезілген: Рим, Флоренция және Болнья қалалары.

Соңғы мәлімет бойынша, Италиядағы жер сілкінісінің құрбан болғандар саны 250 адамға жеткен. 365 адам зардап шеккен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети