21 тамыз 2021 18:02

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ауғанстандағы жағдайға байланысты кезектен тыс сессия өткізеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

ҰҚШҰ-ның (құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан кіретін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі 23 тамызда кезектен тыс сессия өткізіп, Ауғанстандағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"2021 жылы 23 тамызда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді деп жоспарланған. Оның барысында Ауғанстандағы жағдай мен оның ҰҚШҰ-ға мүше елдер қауіпсіздігіне әсері талқыланады", - деді ол.

Айта кетейк, соңғы апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті, "Талибан" қозғалысы ірі қалаларды басып алды. 15 тамызда бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат көздері шекараның барлық өткелі бақылауда екенін хабарлады. Сол күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғанын мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани "қырғын болмауы үшін" елден кеткенін айтты. 16 тамызға қараған түні "Талибан" қозғалысы саяси кеңсесінің өкілі Мухаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети