Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Украина армиясы Ресейдің әрекетіне төтеп беруге дайын

30 Сәуір 2014, 22:15
0
Фото vk.com сайтынан алынды
Фото vk.com сайтынан алынды

Украина президенті лауазымын уақытша атқарушы Александр Турчинов Киев билігі мен күштік құрылымдары Луганск пен Донецктегі жағдайларды бақылауда ұстай алмай отырғанын мойындады. Бұл туралы ол мемлекеттік әкімшіліктің облыстық басшыларымен кездескенде айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  УНИАН ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Турчинов Луганскідегі Украина қауіпсіздік қызметін, прокуратураны, облыстағы мемлекеттік әкімшілікті басып алғанын еске салды. Өткен түні ішкі істер басқармасы басқыншыларға тойтарыс берді. "Донецкідегі жағдай ерекше шиеленісіп тұр. Славянск қаласы Ресейдің бақылауындағы қарулы топтардың құрсауында. Бұл террористік және диверсиялық топтар", - деп мәлімдеді.  

Сондай-ақ, уақытша президент алдағы мереке күндері сепаратистер Украинаның алты аймағында, атап айтқанда Харьковск, Одесск, Днепропетровск, Запорожск, Херсонск және Николаевск облыстарында диверсанттық әрекеттер жасауға дайындалып жатқанын ескертті. 

"Мен осы аймақтардың басшылары мен күштік құрылым жетекшілеріне мүмкіндігінше қатаң жұмыс жасауды ескертіп отырмын. Біз диверсиялық әрекет болатынын болжадық. Бұл жайында біздің тыңшылар жеткізді, бірақ бұған бола қобалжуға болмайды. Біз өз азаматтарымыздың тыныш болуын және алаңсыз демалуын қамтамассыз етуге тиіспіз. Басты тапсырма - лаңкестікке өзге аймақтарда жол бермеуіміз керек", - деді ол.  

Александр Турчинов Украина армиясы Ресей тарапынан төнген қауіп-қатерге төтеп беруге әскери тұрғыда дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Турчинов Ресей Украинаға қарсы континенттік соғыс өртің тұтатқысы келіп отырғанын да тілге тиек етті. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай