Украина билігі ел аумағында апатқа ұшыраған малайзиялық авикомпанияға тиесілі ұшақты тексеру жұмыстарына басшылық жасауды беруге дайын, деп хабарлайды РИА Новости. Естеріңізге сала кетейік, Boeing-777 ұшағы 17 шілдеде Украинаның шығысында құлаған болатын.
Премьер-министр Арсений Яценюктің сөзінше, тексеру жұмыстарына басшылық жасауды Нидерландыға беруге болады. Ол өз сөзінде Boeing ұшағының апатын тексеру кез-келген жағдайда украиналық құрылымдардың ұйымдастыруымен және халықаралық ұйымдардың қатысуымен болатынын атады. Сондай-ақ, Яценюк Киев апат кезінде қайтыс болғандардың денесін Амстердам клиникасына сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін беруге әзір екендігін де жеткізді.
Бұл арқылы Яценюк өз пайымын білдіріп, "Ұшақтың құлауына зымыран себеп болған, яғни бұл "Бук М1" жүйесі", - деді. Сол арқылы ол мұндай қаруды тек арнайы оқыған мамандар ғана басқара алатындығын атап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Malaysia Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының апаты 17 шілде күні кешкілік орын алып, борттағы 298 адам тегіс қайтыс болған еді. Амстердам-Куала-Лумпур бағытын бетке алған әуе кемесінде 192 Нидерланды, 44 Малайзия, 27 Австралия, 12 Индонезия, 10 Британия, 4 Бельгия, 4 неміс, 3 Филиппин, 1 Канада және Жаңа Зеландия азаматы болған. АҚШ пен Украинаның болжамы бойынша, ұшақ елдің шығыс аумағында атып түсірілген. Ал аймақтың өкілдері болса бұл орайда Украина әскерін айыптап отыр.