Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Украина Донецк және Луганск облыстарында төтенше жағдай режимін енгізді

26 Қаңтар 2015, 21:06
0

Украина үкіметі Донецк және Луганск облыстарында төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды ЛІГАБізнесІнформ.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк елдің басқа аумақтарында жоғары дайындық режимі енгізілетінін айтты. "Төтенше немесе әскери режиммен шатастырмауды өтінемін. Мұндай шешімдерді парламент енгізеді", - деді ол. Яценюктің айтуынша, министрлер кабинеті барлық органның қызметін үйлестіруге арналған төтенше жағдайлар режимін азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрғындарды азаматтық қорғау үшін енгізіп отыр.

Үкімет төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы да шешім қабылдады, оны Яценюк басқарады, сонымен бірге төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру орталықтары да құрылатын болды. Комиссия азаматтық қорғау нысандарын түгендейтін болады, бұл тізімге инженерлік техника, материалдық-техникалық қамту, дәрі-дәрмек пен тағам өнімдері кіреді. 

Украинаның әділет министрі Павел Петренко төтенше жағдайлар режимі террорлық әрекеттер қаупі жағдайында Азаматтық қорғау кодексіне сай енгізілетінін айтты. Іс-әрекеттердің үйлесімі азаматтардың қорғанысын қамтамасыз етуге және оларға баспаналары қираған немесе байланыс желілері зақымданған жағдайда көмек беруге мүмкіндік туғызады. 

Украинадағы ахуал өткен аптада нашарлай түсті. 24 қаңтар күні Мариуполь қаласын атқылаудың салдарынан 30 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды. ЕҚЫҰ миссиясының мәліметінше, оқ ДХР жасақтарының бақылауындағы аумақтардан атылған. Украина тарапы оқиғаға халық жасақтарын кінәлайды, ДХР өкілдері, керісінше, бәрін украин күш құрылымдарынан көріп отыр. Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуалдың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдірді


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай