20 ақпан 2014 15:24

Украинада депутаттар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада тәртіпсіздіктердің салдарынан депутаттарды Жоғарғы Рада ғимаратынан қауіпсіз жерге көшіруге тура келді деп хабарлайды Tengrinews.kz Segodnya.ua порталына сілтеме жасап. Ғимараттан депутаттар мен Рада қызметкерлері шұғыл шығарылып жатыр. Милиция жоспарланған жалпы отырысқа келген журналистерден де сыртқа шығуды сұрап отыр. Радикалдар бұған дейін Жоғарғы Рада ғимаратына баса-көктеп кіру үшін күш құрылымдарын Октябрь сарайының артына тықсырып тастаған еді. Бүлікшілердің әрекетінен қауіптенген құқық қорғау қызметкерлері қазіргі уақытта Украина министрлер кабинеті аппаратының қызметкерлерін де қауіпсіз жерге көшіруді қолға алған. "РИА Новости"-дің мәліметінше, бүлікшілер ымыраға келуден бас тартып отыр. "Бүркіт" арнайы жасағы мамандары оларға қарсы көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр. Демонстранттардың бір тобы баррикаданы нығайтып жатса, енді бір тобы арнайы жасақтарға қарсы тас пен оттұтатқыш қоспалар лақтырып жатыр. Еске сала кетейік, АҚШ 20-ға жуық украин шенеунігін тәртіпсіздік кезінде күш қолдануға кінәлі деп есептеп, оларға визалық санкция енгізді. Егер бұл санкциялар Украинада тәртіпсіздікті тыя алмаса, АҚШ Еуропа одағымен бірге елде ахуалды қалпына келтіруді қолға алмақ. Бірақ Ресей тарапы мұны Американың Украинаның ішкі жағдайына араласуы деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети