25 мамыр 2014 12:47

Украинада президент сайлауы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация depo.ua сайтынан алынды Иллюстрация depo.ua сайтынан алынды

Украинада президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТСН сайтына сілтеме жасай отырып. 


Украинада президент сайлауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ТСН сайтына сілтеме жасай отырып. 

Сайлау бөлімшелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 8.00-де (Астана уақыты бойынша 11.00-де) ашылды. Бюллетеньде 21 кандидаттың фамилиясы көрсетілген.  Ольга Богомолец, Юрий Бойко, Андрей Гриненко, Анатолий Гриценко, Михаил Добкин, Александр Клименко, Валерий Коновалюка, Ренат Кузьмин, Василий Куйбида, Олег Ляшко, Николай Маломуж, Петр Порошенко, Вадим Рабинович, Владимир Саранов, Петр Симоненко, Юлия Тимошенко, Сергей Тигипко, Олег Тягнибок, Василий Цушко, Зорян Шкиряк, Дмитрий Ярош. Бұған дейін Симоненко, Цушко, Шкиряк және Клименко өздерінің кандидатурасынан бас тартқан болатын. Орталық сайлау комиссиясы олардың фамилияларын бюллетеньдерден алып үлгермеді. 

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі 20.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 23.00) созылады. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50  пайыздан астам дауыс жинауы керек. Егер ешкім 50 пайыз дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған екі кандидат жарысқа түседі. 

Сайлау күні тәртіпті бақылауға 65 мың милиция қызметкері мен мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің 15 мың жұмысшысы, қоғамдық құралымның 17 мың мүшесі және ұлттық әскери гвардияның сарбаздары жұмылдырылған.  

ІІМ Арсен Аваковтың сайтында сайлау дауыстарын электрондық санау жүйесі істен шыққаны туралы ақпарат жарияланған еді. Алайда кейіннен Арсен Аваков бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, хакерлер avakov.com сайтының админдерінің бірін бұзып кіріп, осы ақпаратты орналастырған. "Электрондық жүйенің бұзылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" - деп жазды Аваков Facebook-тегі өзінің парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Украинада билік ауысқан болатын. Жоғарғы рада президент Виктор Януковичті тақтан тайдырды, елдің конституциясын өзгертіп, 25 мамырға президент сайлауын белгіледі. Украинаның оңтүстік-шығысындағы кейбір өңірлер жаңа билікті мойындамады. Сәуір айында мұндағы халық арасында қарулы қақтығыстар болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети