18 сәуір 2022 09:05

Украинадағы жағдай: "Азовсталь" зауыты аумағы түсірілген кадрлар жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ria.ru Фото: ria.ru

Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты аумағы түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты аумағы түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Дроннан түсірілген кадрларда зауыт аумағынан шығып жатқан қою қара түтін және шағын өрт ошақтары көрінеді. Дрон зауыт ғимараттары, Азов теңізіне апаратын каналдардағы кемелерді түсіруге арналған крандар, "Азовсталь" маңындағы тұрғын үйлер үстінен ұшып өткен.

Ресей тарапы 17 сәуірде Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты аумағында орналасқан украин күштері қаруды тастаудан бас тартқанын хабарлады.

Бұл ретте Украина президенті Владимир Зеленский "біздің жігіттерді жою Ресеймен барлық келіссөзге нүкте қояды" деп ескертті.

Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко 17 сәуірде Telegram-парақшасында украин әскері қаланы қорғауды жалғастырып жатқанын жазды. Сонымен қатар, ол соғыс қимылдары тек "Азовстальда" емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 16 сәуірде кешке "Азовстальдан" 5 шақырымдағы Таганрогская көшесінің бойында да ұрыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети