26 маусым 2020 12:01

Украинаның төрт облысында 262 елді мекенді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Украинаның төрт облысында 262-ден аса елді мекенді су басты. 154 шақырым жол мен 172 көпір бұзылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет жұма күні хабарлады, - деп жазады РИА Новости.


Украинаның төрт облысында 262-ден аса елді мекенді су басты. 154 шақырым жол мен 172 көпір бұзылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызмет жұма күні хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, дүйсенбіде Украина ІІМ Иван-Франковск және Черновицк облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздіктің төтенше шараларын енгізді. Сондай-ақ Львов, Закарпатск және Тернопольск облыстарында да жаңбыр үздіксіз жауды. 

Сәрсенбі күні төтенше жағдайлар қызметі үш адамның қайтыс болғанын және бір адамның жоғалғанын хабарлады. Украина Сыртқы істер министрлігі Еуропалық одақ пен Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымынан елдің батысын су тасқынынан құтқару үшін көмек сұрады. Иван-Франковск облысының прокуратурасы су тасқынына әкеп соққан ормандағы ағаштарды заңсыз жаппай кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"26 маусым сағат 7.00-дегі жағдай бойынша екі облыста жеті елді мекенде жарық жоқ. 262 елді мекенде 7 731 үй және әлеуметтік-тұрмыстық саланың 13 нысаны су астында қалды. 154 шақырым жол, 172 көпір бұзылды, 4 553  жертөлені және 12 411 үй жанындағы жерді су басты", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз ауа райының салдарын жою үшін 403 техникамен (екі тікұшақ) 1 225 адам жұмылдырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети