1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Үлкен жетілік" елдері Навальныйды тез арада босатуға шақырды 27 қаңтар 2021, 09:23

"Үлкен жетілік" (G7) елдері Ресей билігінен оппозициянер Алексей Навальныйды тез арада босатуын сұрады. Бұл туралы G7 сыртқы істер министрлерінің
© Reuters © Reuters

"Үлкен жетілік" (G7) елдері Ресей билігінен оппозициянер Алексей Навальныйды тез арада босатуын сұрады. Бұл туралы G7 сыртқы істер министрлерінің 26 қаңтарда жарияланған бірлескен мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle және РИА Новости ақпарат порталдарына сілтеме жасап.

"Біз, G7 - Германия, Франция, Италия, Жапония, Канада, Ұлыбритания және АҚШ сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық Одақтың жоғары өкілі - Алексей Навальныйдың саяси негізде ұсталуы мен қамалуын айыптаймыз", - делінген хабарламада.

"Біз мыңдаған бейбіт шеруші мен журналистің ұсталуына қатты алаңдаймыз және Ресейді халықаралық және ішкі міндеттемелерін орындауға және 23 қаңтарда бейбіт жиналыстарға өз құқын қорғау үшін өз еркімен шыққан ұсталғандарды босатуға шақырамыз. Полиция күштерінің азаматтардың өз пікірін білдіру құқығын күшпен басуына жол берілмейді", - делінген құжатта.

Министрлер адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Навальныйды ұстау туралы соттың шешімін қолдамағанын мәлімдеді.

"Ресей билігін Навальный мырзаны дереу және сөзсіз босатуға шақырамыз... Біз Ресейдің Навальныйды, наразылық білдірушілер мен журналистерді тез арада босату туралы халықаралық үндеулерге, сондай-ақ Навальныйдың улануын қылмыстық тергеуге қалай жауап беретінін мұқият бақылауды жалғастырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 23 қаңтарда Ресейде Германиядан оралғаннан кейін бірден ұсталған Алексей Навальныйды қолдау мақсатында жаппай наразылық толқыны болды. Оппозиционер 30 тәулікке қамауға алынды.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!