07 маусым 2022 15:40

Ұлыбритания 4 күндік жұмыс аптасына өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ұлыбритания 4 күндік жұмыс аптасына өтуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg порталына сілтеме жасап.


Ұлыбритания 4 күндік жұмыс аптасына өтуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg порталына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның 70 компаниясы төрт күндік жұмыс аптасына көшу туралы шешім қабылдады. 4 Day Week UK эксперименті 6 айға созылады. Бұл уақыт аралығында аптасына төрт күн жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өзгермейді, бірақ олардан еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді. 

Charity Bank атқарушы директоры Эд Сигел төрт күндік жұмыс аптасына көшкен Ұлыбританиядағы алғашқы банктердің бірі болғанын құптайды.

"Біз ұзақ уақыт бойы жұмыстың кез келген бағытта ыңғайлы болғанын қаладық, пандемия келісімен көп өзгерістерге жол аштық. Charity Bank жаңа кадрлық жүйеге көшіп, жаңа ғасырдың бизнесіне сай болғысы келеді", - дейді кәсіпкер. 

Ұлыбритания билігі төрт күндік жұмыс аптасы экспериментін кадрлық инновация деп бағалайды. Экспериментті Оксфорд пен Кембридждің ғалымдары және олардың Бостондағы америкалық әріптестері бақылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети