Ұлыбритания өкілі Кабулда теракт болуы мүмкін екенін ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания өкілі Кабулда теракт болуы мүмкін екенін ескертті Фото ©REUTERS

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Кабул әуежайы маңында теракт болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Кабул әуежайы маңында теракт болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбритания Қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи елордада "бірнеше сағат ішінде" болуы мүмкін "елеулі" қауіп туралы "өте сенімді" хабарламалар келіп түскенін айтты, оны Ислам мемлекеті қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) содырлары жасауы мүмкін.

"Қазір алдағы шабуыл туралы өте сенімді есептер бар. Біз жақын арада өте қауіпті шабуыл болуы мүмкін деп ойлаймыз, мүмкін Кабулда. Осыған байланысты саяхатшыларға арналған ұсыныстарды өзгертуге және адамдарға әуежайға жақындамауға кеңес беруге мәжбүр болдық. Бірақ іс жүзінде әуежайдан кетуге, қауіпсіз жер табуға және нұсқауларды күтуге тура келді", - деді Джеймс Хиппи.

Журналистер бірнеше сағат ішінде шабуыл болуы мүмкін бе деген сұраққа Қорғаныс министрінің орынбасары "иә" деп жауап берді.

Ұлыбританияның Ауғанстандағы әскерінің бұрынғы бастығы полковник Ричард Кемп эвакуация басталғаннан бері теракт қаупі болғанын айтты.

Қорғаныс министрі Бен Уоллес елден кеткісі келетін ауған тұрғындарына ұшаққа отырмауға кеңес берген. Оның айтуынша, шекарадан өтудің басқа нұсқасын қарастырған дұрыс болады.

Бірқатар елдер Ауғанстан астанасындағы әуежайда лаңкестік әрекет қаупі жоғары екенін ескертіп, өз азаматтарын әуежайға бармауға шақырды. Оның ішінде: Австралия, АҚШ және Ұлыбритания өз азаматтарына ескерту жасады.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан азаматтарын Кабул әуежайына кіргізбей отырғаны хабарланған болатын. Оған тек шетелдіктер ғана кіре алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети