20 ақпан 2022 16:11

Ұлыбритания СІМ басшысы Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін жаңа мерзімді атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Ұлыбритания сыртқы істер министрі © РИА Новости/Ұлыбритания сыртқы істер министрі

Ресей келесі аптада Украинаға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиза Трасстың сөзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей келесі аптада Украинаға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиза Трасстың сөзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ең нашар сценарий келесі аптада болуы мүмкін. Шындығында, Ресей уақытты кері қайтаруға тырысып жатыр", - дейді ол.

Трасстың айтуынша, Еуропа 20-ғасырдың басынан бері қауіпсіздікке төнген ең күрделі қатерімен бетпе-бет келіп отыр.

"Ресей дипломатиялық реттеу мүмкіндігін байыппен қабылдамайды деп қорқамын", - деді ол.

Ақпанның соңында ДХР мен ЛХР басшылығы Украинаға басып кіру қаупіне байланысты азаматтарды Ростов облысына уақытша эвакуациялау туралы хабарлады. Ең алдымен эвакуация әйелдерге, балаларға және қарт адамдарға қатысты. 

Соңғы айларда Батыс мемлекеттері Ресейдің Украина шекарасы маңындағы қауіпті әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Мәскеу мұндай айыптауларды жоққа шығарып, ешкімге қауіп төндірмейтінін және ешкімге шабуыл жасау ниеті жоқтығын мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети