Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Ұлыбританияда дауыл кезінде екі адам қаза тапты

15 Ақпан 2014, 17:34
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Ұлыбританияның оңтүстігінде болған дауыл кезінде екі адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Ағылшын метеорологтерінің мәліметінше, Ұлыбританияның оңтүстігінде екпіні сағатына 129 шақырымға жететін күшті жел соққан. Лондонның орталығында ғимараттың сылақтары бір автокөліктің үстіне құлап, ауыр соққы алған 49 жастағы әйел қайтыс болды. Сонымен бірге, Ла-Манш бұғазында саяхат кемесін толқын соғып, соның салдарынан 85 жастағы ер адам да жан тапсырды.

ВВС-дің мәліметінше, дауылдың салдарынан 400 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған. Британ энергетика қауымдастығы өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 310 мың үйге жарық беру қалпына келтірілді. Бірақ бұл жұмыстарға су тасқыны кедергі келтіріп тұр.

Дүлей жел мен толассыз жаңбыр Ұлыбританияда өткен жылдың қараша айынан бері басылмай тұр. Соның салдарынан елдің батысы мен оңтүстігіндегі бірнеше графтықтың аумағын топан су басты. Сомерсет графтығының бірнеше ауданы сегіз аптадан бері су астында қалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қазақстандықтарға Ұлыбританияға сапар шегуден бас тартуға кеңес берген болатын. Мамандар шетелде келеңсіз жағдайдың құрбаны болмау үшін ағылшын жеріне баруды жоспарлап отырған азаматтарымыздың ол жақта табиғи апаттың басылғанын тосуы қажет деп отыр.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай