13 ақпан 2014 | 15:55

Қазақстандықтардың Ұлыбританияға бармағаны дұрыс

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті қазақстандықтарға топан су басып жатқан Ұлыбританияға сапар шегуден бас тартуға кеңес береді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыбританияға сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтар ағылшын жерінде табиғи апаттың толық залалсыздандырылуын тосуы қажет. "ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристерді Беркшир, Гемпшир, Суррей, Сомерсет, Девон графтықтарында және Уэльстің едәуір көп бөлігінде ауқымды су тасқыны болып жатқаны жөнінде ақпараттандырады. Кейбір бағыттар бойынша теміржол қатынасы бұзылған. Жүздеген үйді су басты. Адам шығыны бар. Топан су ел астанасының кейбір аудандарына да жеткен. Алдағы күндері Темза өзені мен басқа да суқоймаларда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Басқа графтықтарда су тасқынының болу қаупі өте жоғары", - дейді комитет мамандары. Ведомство мамандары туроператорлар мен турагенттіктерге Ұлыбританияға барғалы отырған азаматтарға осындай кеңес беруді ескертеді. Шетелдік ақпарат құралдарының мәліметінше, тасқын 8000-нан астам тұрғын үйді басып, 3000-нан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети