21 ақпан 2014 12:18

Ұлыбританиядағы су басу: Королдікте 1500 қазақстандық бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиядағы су басу: Біріккен Королдікте 1500 қазақстандық бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Министрліктің хабарлауынша, Ұлыбританиядағы су басуға байланысты қазақстандықтардың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Қазақстан азаматтарының ешқайсысы елшілікке хабарласпаған. Өткенде Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бірлесіп, су басқан аудандарға жақын жүрген қазақстандықтарды барынша абай болуға шақырған болатын. Ұлыбританиядағы су басу Беркшир, Гемпшир, Сомерсет, Девон графстваларына дейін жетті. Тіпті Лондонның кейбір аудандары мен Уэльс қаласының айтарлықтай жерін су басып қалды. Сыртқы істер министрлігі туристерге апаттың толық алды алынғанша күте тұруға кеңес берді. Ұлыбританиядағы су тасқыны бірнеше адамның өмірін қиды. Сегіз мыңнан аса баспана су астында қалды. Мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жойқын жел мен толассыз жауын өткен жылдың қарашасында басталып, соңғы уақтытта үдеп кеткен. Мамандар мұндай жағдайдың соңғы рет 150 жыл бұрын ғана болғандығын айтады. Индустрия және туризм комитеті еліміздегі туроператорлар мен турагенттерге Ұлыбританияға баратын жолаушыларға онда апат орын алып жатқандығы туралы ақпарат беруін өтінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети