Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мария ван Керкхове коронавирустың үнді штамы әлемнің 92 елінен анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FR24 News басылымына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Мария ван Керкхове коронавирустың үнді штамы әлемнің 92 елінен анықталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FR24 News басылымына сілтеме жасап.
ДДСҰ сарапшысының мәліметінше, "дельта" штамы ұйымды алаңдатып отыр, себебі ол аса жұқпалы және әлемде жылдам тарап барады.
"Дельта" нұсқасы 92 елде анықталды. Ол өте жұқпалы болғандықтан алаңдатып отыр", - деді Керкхове брифингте.
Ауруды бақылау және алдын алу орталықтарының дерегіне сүйенсек, қазір бұл штамм АҚШ-та барлық ауру жұқтыру дерегінің 10 пайызын алады, ол елдегі басымдыққа ие нұсқалардың біріне айналған. Сонымен қатар, үнді штамы Ұлыбританиядағы жаңа деректердің 60 пайызына жетті.
"Коронавирусқа қарсы вакцина ауыр сырқат пен өлімге қарсы өте тиімді. Вакцина осыған арналған, сондықтан қолдануымыз қажет. COVAX, ДДСҰ және біздің барлық серіктес қауіп төніп тұрған адамдарға вакцина жеткізуді қолдайды", - деп қосты Керкхове.
Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ үш еселенген мутациясы бар үнді штамы әлемдік деңгейде "алаңдатып отырғанын" мойындаған еді. ДДСҰ жаңа аурулар мен зооноз бөлімі басшысының сөзінше, үндістандық В.1.617. штамы бастапқыларымен салыстырғанда жұқпалы, вакцинаға шыдамды және жойқын болып келеді. ДДСҰ өкілінің айтуынша, мутацияланған инфекция бастапқы штамм - SARS-CoV-2-ге қарағанда жылдам тарайды.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтанда үнді штамы табылды деген қауіп анықталғанын мәлімдеген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!