22 шілде 2022 09:17

Үндістанда әйел президент болып сайланды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, елде осындай жоғары лауазымды иеленген екінші әйел атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.


Драупади Мурму Үндістандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, елде осындай жоғары лауазымды иеленген екінші әйел атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Басылым сайлау комитеті мәліметтеріне сілтеме жасап, елдегі президенттік сайлауда "Бхаратия Жаната парти" билеуші партиясы басшылық ететін ұлттық демократиялық альянстың кандидаты жеңіске жеткенін хабарлады.

Мурму - Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Сондай-ақ, Мурму "азат елде", яғни ұлыбританиялықтардан тәуелсіз болғаннан кейін дүниеге келген Үндістанның тұңғыш президенті болмақ. Ол 1958 жылы дүниеге келген. Джаркханд штатының экс-губернаторы.

Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети