26 шілде 2021 14:51

Үндістанда көпір қираған сәт видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында көшкін жүріп, көпірді қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында көшкін жүріп, көпірді қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Таудан түскен үлкен тастар микроавтобусты сындырып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапқан. Агенттік мәліметінше, өлгендер Үндістанның басқа аймақтарынан келген туристер болған және бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендерді тасымалдау үшін оқиға орнына тікұшақ барған.

Куәгерлер түсіріп алған кадрлардан тастар үлкен жылдамдықпен төменге құлап жатқанын көруге болады.

Премьер-министр Нарендра Моди қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, Үндістанның кейбір аудандарында нөсер салдарынан көшкін мен су тасқыны болды. Өйткені елде жыл сайын маусымнан қыркүйекке дейін жаңбырлы маусым болады. Шілде айында Үндістанның батысындағы Махараштра штатында нөсер жаңбыр салдарынан 136 адам қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети