25 сәуір 2017 16:24

Үндістанда полицей қабыланнан аман қалу үшін шатырдан секіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Үндістанның Курули (Kuruli) ауылында полиция қызметкері жабайы қабыланнан аман қалу үшін шатырдан секіруге мәжбүр болды, - деп жазады India Express басылымы.


Үндістанның Курули (Kuruli) ауылында полиция қызметкері жабайы қабыланнан аман қалу үшін шатырдан секіруге мәжбүр болды, - деп жазады India Express басылымы.

Биджай Кунтия (Bijay Khuntia) есімді полицей ауылға түскен жыртқыш аңды ұстауға көмектеспекші болған. Бірақ қабылан кенеттен шатырға шығып алып, полицейге бас салмақ болып, ер адамның артынан ұшып түскен. Алайда жыртқыш жануардың тырнақтары ер адамға тиіп кеткен.

Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ, тағы екі адам зардап шеккен, олардың бірі 16 жастағы жасөспірім екен.

Басылымның мәліметінше, қабыланды 12 сағат бойы ұстамақ болған. Енді жануарды хайуанаттар бағына апару жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети