12 шілде 2018 11:11

Үңгірден құтқарылған балалардың ауруханадағы видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CBS News © CBS News

БАҚ өкілдері Тайландтың Тхам Луанг үңгірінен құтқарылған жасөспірімдердің алғашқы суреттері мен видеоларын жария етті, - деп хабарлайды CBS News


БАҚ өкілдері Тайландтың Тхам Луанг үңгірінен құтқарылған жасөспірімдердің алғашқы суреттері мен видеоларын жария етті, - деп хабарлайды CBS News

Кадрларда Тай провинциясының Чианграй қаласындағы ауруханаға түскен балалардың төсек орындарында қорғаныш бетпердемен және жейделермен жатқанын көруге болады.

Осылайша, бірнеше күнге созылған құтқару операциясының басқа да мәліметтері анықталып отыр. Чианграй провинциясының губернаторы Наронгак Осотханакон үңгірде балалар мен футбол жаттықтырушысы аквалангпен суға түсуден бұрын, тыныштандыратын дәрі берілгенін айтты.

"Ешқандай наркоз я ұйықтататын дәрі берілген жоқ. Балаларға тек дәл есептелген тыныштандыратын дәрінің дозасын енгіздік. Ол тері бұлшық етін босатып емес, суға сүңгімес бұрын жүзе алмайтындарда алдын ала қорқыныш басталмауы үшін, келеңсіздіктер тудырмас үшін жүйке жүйесін тыныштандыратын дәріні енгізді", - деді бөлім басшысы.

"Балалар жедел түрде су астында баллон арқылы қалай дұрыс тыныс алу керектігін, қалай ауасы тар баллонмен жүзу керектігі жайлы сабақтарын алды. Бірақ алдын ала қауіпсіздік шарасын қолданып, дәрінің көмегіне жүгіндік. Балаларды су астына жүзуге дайындаған, эвакуация кезінде жанымызда болған, су астында қорқынышы басталмауы үшін, бірақ әрдайым өзін ұстай алатындай әр балаға дәл есеппен дәрі берген дәрігер Ричард Харристің жұмысын зергер жұмысымен салыстырсақ артық етпейді", - деп атап өтті Осоттханакон.

"Ричард Харристің көмегенсіз бұл жұмыс сәтті аяқталмайтын еді дегенге жүз пайыз сенімдімін. Бөлімнің атынан, операцияға қатысқан әрбір адамның атынан дәрігер Харриске көңіл айтқым келіп отыр. Себебі үңгірде құтқаруға атсалысып жүргенінде әкесі Аустарлияда қайтыс болды. Харрис ол туралы үңгірден шыққанда ғана білді", - деп келтірді губернатордың сөзін РИА Новости. Танымал аустралиялық анестезиолог, тәжірибелі суасты дайвері Ричард Харрис 18 сарбаздың біреуін эвакуациялаудан өткізіп жатқан кезінде, әкесі Аустралияда жан тапсырған. Харрис ол туралы операция аяқталғаннан кейін ғана естіді.

Еске сала кетейік, 12 футболшы бала мен олардың жаттықтырушысы 23 маусымда Тхам Луанг үңгіріне кірген. Бірақ аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, олар сонда қамалып қалған болатын. Ал жексенбі күні төрт жасөспірімнің құтқарылғаны хабарланған еді.

Жасөспірімдері құтқару операциясы бірнеше күнге созылғанымен сәтті аяқаталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети