24 мамыр 2014 09:12

Үрімжі полициясы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген бес адамды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қытай полициясы Үрімжідегі 39 адамның өмірін қиған лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен бес тұлғаны анықтады деп хабарлайды "Синьхуа".


 Қытай полициясы Үрімжідегі 39 адамның өмірін қиған лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен бес тұлғаны анықтады деп хабарлайды "Синьхуа".


Төрт күдікті өзін-өзі жару кезінде бақилық болған, олардың кім екендіктері ДНҚ тестінің көмегімен анықталды.


Ал тағы бір күдіктіні полицейлер Баян Өлгей аймағынан ұстады. Қытай полициясы хабарлап отырғандай күдіктілер лаңкестік әрекетке 2013 жылдың соңынан бастап даярлық жасаған. Олар теракт жасауға қатысты аудио-видео таспаларды тыңдап, автокөліктерге қойылатын жарылғыш заттарды сатып алған.


Еске салайық, 22 мамыр күні Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданының әкімшілік орталығы Үрімші қаласында жарылыс жасалған болатын. Мұндағы жайма базарлардың бірінде 2 көлік бір топ адамды соққан. Олардың бірі жарылып, екіншісінен қаскөйлер жұртқа жарылғыш зат лақтырған. Салдарынан 31 адам құрбан болып, 94-і жараланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети