30 сәуір 2014 20:29

Үрімжі вокзалында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үрімжі вакзалы. Сурет marshruty.ru сайтынан алынды Үрімжі вакзалы. Сурет marshruty.ru сайтынан алынды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының астанасы Үрімжі қаласындағы теміржол стансасында жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 


Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының астанасы Үрімжі қаласындағы теміржол стансасында жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Агенттіктің хабарлауынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында орын алған жарылысты қытай билігіне қарсы экстремистік "Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы" ұйымдастыруы мүмкін.  Өйткені, бұл ұйым бұған дейін Шыңжаңда және өзге де аймақтарда орын алған бірқатар террорлық-ланкестік әрекеттерді өз мойындарына алған болатын.  

Естеріңізге салайық, наурыз айында Юньнань провинциясына қарасты Куньмин қаласының вокзалында бетперде таққан қара киімді белгісіз бір азамат ланкестік әрекетін іске асырған болатын. Оның салдарынан 28 адам қаза болып, 130 тұрғын жарақаттанды. Сол кезде қытай билігі бұл жайға "ұйымдасқан террорлық акт" деп баға берген еді. Жергілікті билік таратқан мәліметке қарағанда, Қытай тарихындағы ең үлкен ланкестік әрекеттердің артында ұйғыр сепаратистері тұр. Тергеушілер оқиға болған жерден бұл әрекетті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының сепаратистері жасағанын дәлелдейтін деректер тапқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети