Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті желіде тарап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті желіде тарап кетті Фото: twitter/Marcus Weisgerber

Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде адам толып отырған ұшақ бортынан сурет жарияланды, бұл ұшақ америкалық эвакуациялық әуе кемесі делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті Пентагонның баспасөз қауымдастығы вице-президенті Маркус Вайсгербер Тwitter желісінде жариялады. Кадр 15 тамызда кешкі уақытта түсірілгені айтылады.

Суретте Ауғанстаннан АҚШ-қа ұшатын америкалық көлік ұшағының салоны бейнеленген. Бастапқыда адамдарды бұлайша бортқа алу жоспарланбағаны атап өтілді, бірақ елден кеткісі келетін ауғандардың ағынын тоқтату мүмкін болмапты. Нәтижесінде, Вайсгербердің айтуынша, ұшақ салонына шамамен 640 босқын жиналған.

Еске салайық, тәліптер елдегі билікті тез басып алуына байланысты Ауғанстан астанасы Кабулда дүрбелең болып жатыр. 16 тамызда жүздеген адам елден кетуге тырысып, Кабул әуежайына жиналған.

Кейінірек жұрт елден кетуге тырысып, ұшақтың қаптамасына жабысып жатқаны түсірілген видео пайда болды. БАҚ әуежайдағы тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 7 адам қайтыс болды деп хабарлайды. Олардың қатарында америкалық әуе кемесінің шассиіне жармасқандар да бар.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Ауғанстаннан босқындарды қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстаннан келген босқындарға қатысты шешім қабылдамағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети