05 сәуір 2015 15:29

Ұшқыш әуе апатының алдында Интернеттен маньяктар күйзелісі жайлы мәлімет іздеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияда апатқа ұшыраған Airbus А320 ұшағының екінші ұшқышы Андреас Лубитц әуе апатының алдында Интернеттен маньяктар күйзелісі жайлы мәлімеді іздеген, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Bild am Sonntag газетіне сілтеме жасап. Еске салайық, Germanwings компаниясының ұшағы 24 наурызда Альп тауларында апатқа ұшыраған еді.

Газет мәліметінше, Лубитц Skydevil (Аспан шайтаны) деген никпен Желіде борттағы қауіпсіздік шаралары жайлы, ұшқыштар кабинасының есіктері жайлы мәлімет іздеген, сонымен қатар, іздеу бағдарламаларынан "қос полярлық күйзеліс" және "маньяктар депрессиясы" деген терминдерді жазған. Барлық сұранымдар 16-23 наурыз аралығындағы мерзімде жасалған. Бұл дерек тергеушілердің қолына түскен мәліметтер арқылы анықталып отыр. Айта кетейік, олар ұшқыштың планшетін зерттеген. Гаджет Лубитцтің үйін тінту кезінде тәркіленген болатын.  

Ұшқыштың достары болса оны көмекке мұқтаж емес адам болып көрінгенін айтады, тіпті ол пасха мерекелерінен кейін үйлену туралы жариялағысы келіп жүрген. Некелескеннен кейін ол қалыңдығымен бірге Дюссельдорфтағы пәтерін қалдырып, Крефельдке көшіп кетпекші де болған. Лубитцтің сүйіктісі Крефельде мұғалім болып жұмыс істейді. 

Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети