28 қараша 2017 09:17

Үйленіп жатқан жігіт той үстінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Pixabay © Pixabay

Үйленіп жатқан жігіт той үстінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Корреспондент.net облыстық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Украинаның Киев облысында күзетші үйленіп жатқан жігітті той үстінде өлтірді.

Оқиға Обуховский ауданында болды. Полиция мәліметінше, 23 жастағы жігіт өзінің үйлену тойын қонақүй-мейрамхана кешенінде тойлап жатқан. Түнгі бір шамасында мас қонақтар мен күйеу жігіт арасында жанжал шыққан. Үйленіп жатқан ер адам сыртқа шығып кеткен. Сол жерде ол 66 жастағы күзетшімен ерегісіп, шабуыл жасаған. Қарсыласы оған пышақ ұрған. 

Қалыңдық өз сүйгенін күзетшінің бөлмесінен таңғы бес кезінде тапқан. Оның айтуынша, жігіт есін біліп жатқан. 

Ер адам ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмаған - зардап шегуші көп қан жоғалтқан. 

Осы іске қатысты полиция қызмыстық іс жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталды, ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети