31 мамыр 2022 08:19

"Ұзақ соғысқа дайын болуымыз керек" - НАТО Бас хатшысы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Маусымда НАТО-ға мүше елдер басшыларының кездесуі өтетін Мадридте Ресей мен Қытайға қатысты ұстаным қаралады. Бұл туралы Испанияның ABC басылымына берген сұхбатында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты, - деп хабарлайды EADaily.

"Биыл Мадрид саммитінде өте маңызды мәселелер талқыланады. Біз қабылдайтын жаңа стратегиялық тұжырымдама қауіпсіздіктің жаңа шындығын көрсетеді", - деді Столтенберг.

Оның айтуынша, Мадрид саммитінде оңтүстіктен келетін тұрақсыздық, лаңкестік сияқты қауіптерге қатысты мәселелер көтеріледі.

Бұған дейін Столтенберг Capital.gr порталына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан аяқталатынын қазір ешкім болжай алмайтынын, сондықтан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети