22 маусым 2017 20:12

Вена қонақүйінде тыр жалаңаш шешініп, шу шығарған қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вена мэриясы. © Reuters Вена мэриясы. © Reuters

Вена полициясы Қазақстанның 33 жастағы азаматын қонақүйде мас күйде шу шығарғаны үшін ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.


Вена полициясы Қазақстанның 33 жастағы азаматын қонақүйде мас күйде шу шығарғаны үшін ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

Жайнақовтың айтуынща, полиция дипломаттарға ұсталған адам туралы мәлімет бермеген. 

"Венадағы дипломаттар бұл оқиға жайлы жергілікті БАҚ-тардан білген. Осыдан кейін олар Вена қаласының полициясымен байланысқа шығып, Қазақстан азаматының қонақүйлердің бірінде мас күйде шу шығарғанын анықтаған. Алайда полиция қызметкерлері дипломаттарымызға оқиғаның мән-жайын және ұсталған адам туралы мәлімет айтудан бас тартты, себебі ұсталған адам өзі жайлы ешкімге де ешқандай мәлімет бермеуді сұрапты. Ұсталған адамның 33 жаста екенін ғана білеміз. Ол Венаға турист ретінде барған", - деді Жайнақов. 

"Жергілікті басылымдарда жарияланған мақалалардан оның мас күйде қонақүй бөлмесіне кіріп, ұрлық жасап, кейін ұсталғаннан кейін заттарды қайтарып бергені анықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөлімшесінде", - деді СІМ өкілі. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының қызметкері Андрей Гришин Facebook желісінде Венадағы қонақүй нөміріне мас ер адамның кіріп кетіп, ұрлық жасағанын хабарлаған еді. Қонақүй әкімшілігіне шағым жасалғаннан кейін "түнгі қонақ" ұсталған. "Сөйтсек, қонақүйде дәрігерлердің конференциясы өтіп жатыр екен. Олардың бірі (отандасымыз) кешкі асты жақсылап ішіп алып, құтыра бастады. Оның әріптестері нөміріне апарып, қамап тастады. Бірақ ол терезеден шығып кетті", - деп жазды Гришин. Айтуынша, шу шығарған ер адам елден шығарылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети