Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Венадағы теракт: қаза тапқандар саны артып жатыр 03 қараша 2020, 14:01

Австрия астанасы Венадағы бірқатар шабуылдан қаза тапқандар саны төртке жетті. Бұл туралы Kurier басылымы Михаэль Людвиг қаласының бургомастеріне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

REUTERS© REUTERS©

Австрия астанасы Венадағы бірқатар шабуылдан қаза тапқандар саны төртке жетті. Бұл туралы Kurier басылымы Михаэль Людвиг қаласының бургомастеріне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін үш адамның террорлық шабуылдың құрбаны болғаны хабарланған еді.

"Тағы да шабуыл жасалуы мүмкін". Венадағы теракт туралы не белгілі?

Еске салайық, мұның алдында терроршылардың Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.

Кейінірек Қазақстанның СІМ өкілдері Венадағы атыс кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram