31 наурыз 2021 09:45

Вьетнам тұрғыны үй карантинін бұзғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Вьетнам соты Vietnam Airlines жолсерігін коронавирус таратқаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Вьетнам соты Vietnam Airlines жолсерігін коронавирус таратқаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бір күндік сот процесінде Хошимин халықтық соты жолсерік Донг Тан Хауды COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп тапты.

Басылым мәліметінше, жолсерік екі апталық үй карантинін бұзып, 46 адаммен кездескен, 2020 жылдың қарашасында Жапониядан оралғаннан кейін кафе, мейрамханаларға барған. Кейін 28 қарашада оның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 

Шенеуніктер оның бұл вирусты кем дегенде үш адамға жұқтырғанын айтты. Салдарынан 2000 адамды оқшаулап, сынақтан өткізуге тура келген, оған жұмсалатын шығын 200 мың долларға (85 миллион теңге) жетті.

"Қаланың 2000-нан аса тұрғыны зардап шекті, 861 адам міндетті карантинге жатқызылды, ал 1400 адам үйінде оқшауланды. Хаудың кінәсі ауыр болды, қоғамға және мемлекет тұрғындарының қауіпсіздігіне қауіп төндірді", - делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Тайваньда ер адамға карантин ережелерін сегіз секундқа бұзғаны үшін айыппұл салынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети