Вьетнамда 500 нашақор оңалту орталығынан қашып кеткен 24 қазан 2016, 14:20

Вьетнамда 500-ден аса нашақорлыққа тәуелді адам мәжбүрлі оңалту орталығынан қашып кеткен, - деп жазады VnExpress.
Полицияның 150-ге жуық адамды ұстап, орталыққа қайтарғаны айтылған. Басқа қашқындарды іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Полициядағылар айтуынша, қашқындар оңалту орталығының маңындағы дүкенде ойран салған. Сонымен қатар, көлік жүргізушісінен ақша талап етіп, әйнегін сындырған.