27 тамыз 2018 09:44

"Видеоойында ұтылып қалған". Флоридада жаппай атыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Американың Флорида штатының Джексонвилл қаласында атыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 


Американың Флорида штатының Джексонвилл қаласында атыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

"Джексонвилл-лэндинг ауданында жаппай атыс. Бұл ауданға жоламаңыздар ол жер қазір қауіпті. Жабық төңіректерден аулақ болыңыздар. Бұл ақпарат БАҚ өкілдеріне де қатысты", - деп жазылған шерифтің Twitter-дегі әлеуметтік парақшасында. 

Полиция қызметкерлері "зардап шегушілердің саны көп екенін" хабарлады. News4Jax телеарнасының хабарлауынша, оқиға нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен. Reuters агенттігі атыс қала мейрамханаларының бірінде болған киберспорт сайысының тікелей трансляциясы болып жатқан кезде басталған. 

Los Angeles Times баспасөзі Стивен Джавароскиге сілтеме жасай отырып, Madden NFL ойынының киберсайысында ұтылғандықтан оқ атқан. Оның айтуынша, ойыншы ұтылғаннан кейін қаруды қолына алып адамдарға кезеген. Сонымен қатар, тағы бір ойыншы Дрини Джока өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында атылған оқ оның бас бармағына тигенін және жолы болғанын жазды. Оның айтуынша, бұл оның "өміріндегі ең қорқынышты күн болған".

Тексерілмеген мәліметтерге сәйкес, қылмыскер Дерек Джонс болып шыққан. Бұл оқиға басталмай тұрып, өзінің Twitter әлеуметтік парақшасында біреуді өлтіргісі келетін көңіл-күйде отырғанын жазған. Қазіргі уақытта, оның парақшасы бұғатталған. 

Кейін атыс болған кездің сәті видеоға түсіп қалғаны анықталған. Видеодағы кадрлар YouTube видеохостингінде жарияланған. Кадрларда екі қылмыскер ойын біткеннен кейін оқ ата бастап, видео өшіп қалады. Алайда, дыбысы жазылып қалып зардап шеккендердің айғайы естіліп жатақан. 

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, қылмыскер атыстан кейін өзіне қол жұмсаған. Арнайы күштер бұл оқиғаны ұйымдастыруға көмектескен сыбайласына іздеу салып жатыр. 

Флорида қаалсының мектептерінің бірінде 15 ақпанда атыстың салдарынын 17 адам қаза тапқан. Қылмыскер осы мектепте оқыған оқушы болып шыққан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети