Виталий Кличко Украина президентігінен үмітті

25 Ақпан 2014, 21:35
0
Виталий Кличко. Tengrinews.kz мұрағатынан
Виталий Кличко. Tengrinews.kz мұрағатынан
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Виталий Кличко Украинаның президентігінен үмітті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасай отырып.

"Мен Украина президенттігіне дауысқа түспекшімін, өйткені Украина толығымен ойын ережесін өзгерту керек деп есептеймін. Әділеттілік керек. Бұны жасау менің қолымнан келеді деп ойлаймын", - деді былғары қолғап шебері "Удар" партиясының ресми сайтында жариялаған сөзінде. Сондай-ақ В.Кличко Украинаның Үкіметін басқарудан да кетәрі емес екенін айтты. Бұл туралы спорт порталынан толығырақ оқуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 ақпанда Украина президенті Виктор Янукович қызметінен кеткен болатын. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Украинада президенттік сайлау болмақ.

Қазіргі таңда Януковичке іздеу жарияланған.

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай