1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды24 қыркүйек 2020, 15:42

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ресей президенті Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресейлік жазушы Сергей Комков 2021 жылы 10 қыркүйекте Ослода Путиннің Нобель сыйлығына үміткер болуына өтініш жібергенін хабарлады", - делінген сайтта.

Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жазушының бастамасына пікір білдірді.

"Сіздер бұл сыйлыққа түрлі адамдар ұсынылатынын білесіздер. Бұл осындай ұсыныс жасағандардың бастамасы. Бұл жағдайда осы жазушы. Номинанттарды қараудың белгілі бір рәсімі бар. Шешім қабылданса - жақсы, қабылданбаса - ештеңе етпейді. Мұнда басқа нәрсе айту қиын", - деді Песков.

Нобель сыйлығы - жыл сайын көрнекті ғылыми зерттеулер, революциялық өнертабыстар немесе мәдениетке, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін берілетін ең беделді халықаралық сыйлықтардың бірі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!