28 ақпан 2023 13:46

WhatsApp-та Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

WhatsApp мессенджерінде Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінде Самарқандтағы жантүршігерлік оқиғаның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жанармай құю кезінде көліктегі газ баллоны қалай жарылғанын көруге болады. Жарылыстан металл контейнер ұшып, сондағы қызметкерге тиеді.

Реклама
Реклама

Самарқанд облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 25 ақпанда сағат 11:30-да Бедил көшесінде орналасқан АГТКС-да болған. Nexia-3 көлігінде газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан жанармай құю бекетінде жұмыс істейтін 43 жастағы ер адам қаза тапты.

Оқиға орнында Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер басқармасы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, прокуратура және басқа да ведомстволардың қызметкерлері жұмыс істеген. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram