28 желтоқсан 2016 12:31

Якутияда аюды жүк көлігімен басып өлтіргендердің кім екені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

Якутияда аюды қатыгездікпен өлтіргендердің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Life.ru.


Якутияда аюды қатыгездікпен өлтіргендердің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Life.ru.

Қазіргі кезде "Якутск геофизика" ЖАҚ-тың үш қызметкері күдікке ілініп отыр деп жазады басылым.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Ғаламторға орналастырған видеода вахталық жұмыс істейтін үш ер адам көрінеді", - деп нақтылады басылымның құқық қорғау органдарындағы мәлімет көзі.

Басылым жабайы аңды қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген якутиялық екі тұрғын Николай К., Дарже Н. және бурятиялық Геннадий Б. деген азаматтар екенін анықтаған. Мәлімет көзінің ақпаратынша, олардың екеуі жүргізуші, ал үшіншісі жұмысшы. Қазір ер адамдар шалғай ауданда жұмыс істеп жүргендіктен, олармен байланыс жоқ. 

Еске салайық, кеше Желіде аюды жүк көлігімен басып, қатыгездікпен өлтіргендер жайлы видео таралған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, видео 2016 жылдың мамыр айында Якутияның Бұлұн ауданында түсірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети