11 наурыз 2014 16:08

Янукович АҚШ-тан елдегі ахуалға құқықтық баға беруді сұрамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Янукович. ©РИА Новости Виктор Янукович. ©РИА Новости

Виктор Янукович АҚШ Конгресінен, сенаты мен Жоғарғы сотынан Украинадағы ахуалға қатысты құқықтық баға беруді сұрағалы отыр деп хабарлайды "РИА Новости". Дондағы Ростов қаласында өткен баспасөз мәслихатында ол халықаралық қоғамдастықты Украинадағы бейконституциялық төңкерісті қолдамауға шақырып, мамырда өтетін сайлаудың легитимді емес екенін мәлімдеді. Ол өзін Украинаның легитимді президенті ғана емес, елдің Жоғарғы бас қолбасшысы екенін де айтты. Сонымен бірге, Украинада азаматтық соғысты өршітпек болғандарды кінәлады. "Сіздер соқыр болдыңыздар ма? Сіздер естеріңізден айрылдыңыздар, сіздер фашизмнің не екенін ұмыттыңыздар ма?" деген Янукович "қара күштерді" "содырлардың қарулы күшіне ұлтшыл ұйымдарды қосып, олардың қолына қару бермек болғаны" үшін де айыптады. Ол өзінің жайсыз сезініп жатқаны туралы қауесеттер жөнінде де түсінік берді. "Украинада мен туралы түрлі өсектер таралып жатқандықтан, өзімнің тірі екенімді, халімнің жақсы екенін айтқым келеді. Украинада болып жатқан оқиғаларға терең абыржусыз қарай алмаймын", - деді Янукович. Еске сала кетейік, 22 ақпан күні Жоғарғы Рада Януковичті Украина президенті қызметінен аластатып, 25 мамырда президент сайлауы өтетінін белгілеген еді. Бірақ 28 ақпан күні Януковичтің өзі Дондағы Ростовта баспасөз мәслихатын өткізіп, әлі де болса, заңды президент екенін мәлімдеді. Бұдан соң бұқаралық ақпарат құралдарында оның денсаулығы нашарлағаны туралы хабар тарады. Оның Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылғаны айтылды. Бірақ бұл ақпарат расталмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети