05 сәуір 2020 16:16

Ыстамбұлдан Павлодарға ұшып келген адамдардан коронавирус анықталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Ыстамбұлдан Павлодарға арнайы рейспен келген қазақстандықтардан коронавирус анықталмады. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше 4 сәуір күндізгі уақытта коронавирусқа байланысты Түркиядан эвакуацияланған қазақстандықтар ұшып келді. 102 жолаушының барлығы, оныі ішін Павлодар және көрші облыстардың тұрғындары оқшауланды. Барлығынан коронавирус инфекциясына сараптама алынды. Тест теріс нәтиже көрсетті. Яғни, ешқайсынан коронавирус анықталмады", - деп түсіндірді Біржан Досмайылов. 

Досмайыловтың айтуынша, тест теріс нәтиже көрсеткенімен жолаушылар бақылауда болады. 

"Барлық жолаушы 14 күн бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады", - деді Досмайылов. 

Оның алдына дәрігерлер жолаушылардың үй жағдайын тексереді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети